«Біздің қаламыздың ескерткіштері» саяхаты

149

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп оқушыларына Рудный қаласы ескерткіштері бойынша саяхат ұйымдастырылды. Бұл ескерткіштер қалай пайда болды? Олар кімге арналған? Саяхатта осы сұрақтарға жауаптарын алды. Бұл саяхаттың мақсаты Рудный қаласының тарихи ескеркіштерімен танысу. Іс-шара мақсаты келешек ұрпақтарының патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу. Саяхат тек қана білімдік сипатта ғана емес, мәдениетті сипатты білдірді. Саяхат бағдарламасында: «50 лет ВЛКСМ» стеласы, Марите Бижите ескерткіші, 1919 жылы азаматтық соғысында қаза болғандарға арналған стела және т.б. Саяхатқа 1-9 сынып оқушылары қатысты(88 адам). Саяхатты 6 сынып оқушысы Драгун Вероника жүргізді. Осы саяхаттың нәтижесінде Драгун Вероника «Зерде» 8 қалалық ғылыми сайысында «Біздің қаламыздың ескерткіштері» тақырыбы бойынша 3 орынға ие болды.