Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған тест тапсырмаларына апробация өткізу НҰСҚАУЛЫҒЫ

769
памятка воуд
памятка воуд
  1. Бақылау өткізуге дайындық шаралары:
  • бақылауға қатысатын 4-9 сынып оқушыларының тізімін;
  • оқушылар саны мен орын санының сәйкестігін тексеру.
  1. Бақылау кезінде:
  • оқушылардың оқулық, анықтамалық әдебиеттерді, калькуляторды, түзеткіш және т.б. көмек құралдарын пайдалануға;
  • апробация аяқталғанша кабинеттен шығуға;
  • апробация барысында өзара сөйлесуге, бір-бірінен көшіруге;
  • апробация өтіп жатқан уақытта кабинетке бөгде адамдарға кіруге қатаң тыйым салынады.
  1. Бақылауды ұйымдастыру: Материалдар таратылған соң оқушыларға оның толтырылуы мен боялуы туралы нұсқаулық өткізіліп, сұрақ-кітапшасы мұқабасының толық толтырылуы қадағаланады. Нұсқау аяқталып, оқушылар кітапшаны ашып, жауап беруге кіріскен кезде жұмыстың басталған уақыты мен аяқталуға тиіс уақыты хабарланып, тақтаға жазылады. Осы уақыттан бастап барлық сұрақтар мен түсіндірулер тоқтатылады.
  2. 4 сынып бақылау жұмысын орындау:

Сұрақ-кітапшасы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған пәндердің тест тапсырмаларынан тұрады.

Жауап парағында сіздерге 9 секторды толтыру ұсынылады. Оқушы:

1 сектор – Тегін (баспа әріптерімен);

2 сектор – Атын (баспа әріптерімен);

3 сектор – Сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмерін;

4 сектор – Ұлтын;

5 сектор – Мектеп атауы мен сыныбын;

6 сектор – Жынысын (ұл немесе қыз);

7 және 8 сектор – Пәндер бойынша тиісті дөңгелекшелерге дұрыс жауаптарын;

9 сектор – Міндетті түрде қол қойып толтырады.

  • Тестілеу уақыты – 70 минут (1 сағ. 10 мин);
  • Тест тапсыруды кез келген пәннен бастауға;
  • Сұрақ-кітапшасына жазып, сызып, есеп шығаруға болады;
  • Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

 Ұсынылған 4 жауаптан бір ғана дұрыс жауабы бар жабық тест тапсырмасын оқушылардың орындауын бағалау 

Шарттар Бағалар
Егер оқушы тапсырмаға дұрыс жауап берсе 1 балл
Егер оқушы тапсырмаға дұрыс жауап бермесе 0 балл
  1. 9 сынып бақылау жұмысын орындау:

Сұрақ-кітапшасы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған пәндердің тест тапсырмаларынан тұрады.

Жауап парағында сіздерге 9 секторды толтыру ұсынылады. Оқушы:

1 сектор – Тегін;

2 сектор – Өз аты мен әкесінің атының бас әріптерін;

3 сектор – ЖСН;

4 сектор – Жынысын (ұл немесе қыз);

5 сектор – Ұлтын;

6 сектор – Сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмерін;

7 сектор – Таңдалған жауапты жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы бірінші пәнді;

8 сектор – Таңдалған жауапты немесе жауаптарды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы екінші пәнге берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмаларының жауаптарын;

9 сектор – Міндетті түрде қол қойып толтырады.

  • Тестілеу уақыты – 130 минут (2 сағ. 10 мин);
  • Тест тапсыруды кез келген пәннен бастауға;
  • Сұрақ-кітапшасына жазып, сызып, есеп шығаруға болады;
  • Тест сынағы біткен соң сұрақ-кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.