ОББ ОЖСБ апробациясы тест тапсырмаларын орындау туралы нұсқаулық

795

Құрметті оқушылар!

Сіздер ҚР Білім және ғылым Министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өткізетін апробациялық тестілеуге қатысасыздар.

Тестілеудің мақсаты: Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған жалпы білім беру пәндері бойынша тест тапсырмаларына апробация өткізу. Апробация 4 және 9 сыныптарда өткізіледі.

4 сынып

Тестілеу уақыты: 70 минут (1 сағ. 10 мин.).

Тестте бір ғана дұрыс жауапты жабық түрдегі тест тапсырмалары бар. Әр пән бойынша барлығы 15 тест тапсырма.

Тест тапсырмалары үш қиындық деңгейіндегі тапсырмалардан тұрады: А-жеңіл, В-орташа, С-қиын.

Ұсынылған төрт жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Тест тапсырмаларының орындалуын бағалау:

Ұсынылған төрт жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырма үшін оқушы 0 балл алады

Жауап парағында сіздерге 9 секторды толтыру ұсынылады. Оқушы:

1 сектор – Тегін (баспа әріптерімен);

2 сектор – Атын (баспа әріптерімен);

3 сектор – Сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмерін;

4 сектор – Ұлтын;

5 сектор – Мектеп атауы мен сыныбын;

6 сектор – Жынысын (ұл немесе қыз);

7 және 8 сектор – Пәндер бойынша тиісті дөңгелекшелерге дұрыс жауаптарын;

9 сектор – Міндетті түрде қол қойып толтырады.

  9 сынып

Тестілеу уақыты: 130 минут (2 сағ. 10 мин.).

Бір пән бойынша тест екі түрлі формадағы тест тапсырмаларынан тұрады.

Бірінші блокта бір ғана дұрыс жауабы бар жабық түрдегі тест тапсырмалары, ал екінші блокта бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмалары болады. Бір пән бойынша барлығы 40 тест тапсырмасы болады. Оның ішінде 25 тапсырма ұсынылған бес жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған және 15 тапсырма бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасынан тұрады.

Тест тапсырмалары үш қиындық деңгейіндегі тапсырмалардан тұрады: А-жеңіл, В-орташа, С-қиын.

Ұсынылған бес жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Ұсынылған сегіз жауаптың ішінде бір немес бірнеше дұрыс жауабы бар жабық түрдегі тест тапсырмалар. Мұндай тапсырмаларда бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар болуы мүмкін. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Тест тапсырмаларының орындалуын бағалау:

Ұсынылған бес жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырма үшін оқушы 0 балл алады
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тапсырмалар Барлық мүмкін болатын дұрыс жауаптар үшін оқушы 2 балл алады. Әрбір жіберілген қате үшін максималды 2 баллдан 1 балл алынып тасталынады. Тапсырманы орындамаған жағдайда оқушы 0 балл алады

Жауап парағында сіздерге 9 секторды толтыру ұсынылады. Оқушы:

1 сектор – Тегін;

2 сектор – Өз аты мен әкесінің атының бас әріптерін;

3 сектор – ЖСН;

4 сектор – Жынысын (ұл немесе қыз);

5 сектор – Ұлтын;

6 сектор – Сұрақ-кітапшасынан нұсқа нөмерін;

7 сектор – Таңдалған жауапты жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы бірінші пәнді;

8 сектор – Таңдалған жауапты немесе жауаптарды жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы екінші пәнге берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмаларының жауаптарын;

9 сектор – Міндетті түрде қол қойып толтырады.

Апробациядан өткізілетін тест тапсырмаларының үлгілері:

Сіздерге ұсынылған бес жауаптан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмасы беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен материк

А) Еуразия

В) Африка

С) Антарктида

  1. D) Аустралия

Е) Солтүстік Америка

Сіздерге ұсынылған сегіз жауаптың ішінде бір немес бірнеше дұрыс жауабы бар жабық түрдегі тест тапсырмалары беріледі. Мұндай тапсырмаларда бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар болуы мүмкін. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

  1. Күнге ең жақын орналасқан үш ғаламшар

А) Марс

В) Юпитер

С) Сатурн

  1. D) Венера

Е) Уран

  1. F) Жер
  2. G) Меркурий
  3. H) Нептун

Сәттілік тілейміз!